Артқа
Артқа

Медициналық ұйымдарға COVID-19-дан науқастарды емдеу үшін көбірек төлейтін болады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының стационарлық қызметтерге ақы төлеу тарифтерін көтеру мәселесі қарастырылуда. Бұл ретте коронавирус бойынша стационарларды тіпті жеке клиникалар да аша алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавируспен күрес бойынша медициналық қызметтердің негізгі операторы болып табылады. Бүгінгі күні Қорда медициналық ұйымдар алдында ешқандай қарыз жоқ, медициналық қызметтерге ақы төлеу және аванс беру уақытында жүргізіледі.

Қазір стационардағы коронавирус бойынша әрбір емделіп шығу жағдайы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық ұйымның атына төсек-күндер үшін бекітілген тарифтер бойынша төленеді: карантиндік – 10,4 мың теңге; провизорлық – 11,6 мың теңге; инфекциялық – 15,1 мың теңге. Сонымен қатар, вирусқа қарсы препараттар ауруханаларда қолданғаннан кейін медициналық ұйымдарға бөлек төленеді.

Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында айтылғандай, жаңа стационарларды ашу үшін қаражат бар, Қор қысқа мерзімде жаңа Өнім берушілермен шарт жасасуға дайын. Тек жаңа стационарлар ашылатын өңірлік әкімдіктердің шешімі және медициналық ұйымдардың өздерінің қалауы қажет.

"Медициналық ұйымдардың атына стационарларда емдеу тарифтерін арттыру мәселесі көтерілді, себебі олар басқа да шығындарды қамтуы тиіс. Қазіргі уақытта стационар түріне байланысты тарифтер 10-нан 15 мың теңгеге дейін құрайды. Есеп айырысуларды есепке ала отырып, жаңа әзірленген, әрі пациенттің реанимацияда болуы жеке тариф бойынша төленетін болады. Бұйрық жергілікті атқарушы органдармен келісілген және қазір келісу сатысында Әділет министрлігінде. Қор коронавирусты емдеу бойынша кез келген медициналық ұйыммен, оның ішінде жеке клиникалармен шарт жасасуға дайын. Ең бастысы-аймақтың денсаулық сақтау басқармасының келісімі болуы тиіс", - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Досым Еңкебаев.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, провизорлық емдеуге жатқызу тарифі 1 төсек-күнге 21,9 мың теңгеден астам құрайды; тәулік бойы стационарларда емделген жағдай үшін тариф – 32,2 мың теңгеден астам; науқастың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде болуы үшін тариф – 1 төсек-күнге 70 мың теңгеге жуық. Сондай – ақ, БМСК мобильді бригадасының қызметтеріне тариф қарастырылған -1 шақыру үшін 5 500 теңге шамасында..

Бұл шаралар ауруханаларды ұйымдастыру қызметін медициналық Өнім берушілер үшін тартымды етеді және өңірлерде жаңа ауруханалар құрылады, деп атап өтті Қор. Сондай-ақ, жеке клиникалар коронавирус бойынша стационарлық бөлімдерді ашқан кездері бойынша мысалдар бар екені айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы COVID-19-ның таралуына жол бермеу мен емделу жөніндегі қызметтерді ұсынуға 56 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде ауруханаларға ақы төлеу, жәрдемақы төлеу және ПТР тестілеу үшін төлемдер. Мамыр айындағы жағдай бойынша осы соманың 36 млрд теңгесі қаржыландырылды, ал маусым айында алдын ала бағалау бойынша игеру 45 млрд теңгені құрайды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шамамен 15 млрд теңге сомаға 99 Өнім берушімен коронавирусты емдеу бойынша келісім-шарт жасасты.

09.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
КТО ЗАЩИЩАЕТ ПРАВА ПАЦИЕНТОВ В ПОЛИКЛИНИКЕ?
ЕМХАНАДА ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН КІМ ҚОРҒАЙДЫ?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
06.03.2025
ФСМС РК И ГОСАГЕНТСТВО ПО ОМС АЗЕРБАЙДЖАНА ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ
ҚР ӘМСҚ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ММС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК АГЕНТТІГІ ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
3 наурызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Әзербайжанға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Әзербайжан Республикасының Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
04.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу